Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 17 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетов Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ-де болды

Жұмыс сапары барысында Ғауез Торсанұлы колледжде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Туризм», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Аңшылық және аң шаруашылығы» мамандықтарымен танысты. Сондай-ақ, жаңа ангар және “ЖАС МАМАН" жобасы бойынша сатып алынған техника көрсетілді. Колледжде Жұмысшы мамандықтар жылына орай музей ашылған болатын. Мұражай экспозициялары колледждің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін: алғашқы шығарылымдардан қазіргі жетістіктерге дейінгі уақытты қамтиды. Витриналарда мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, өткен жылдардағы дипломдардың үлгілері, оқу жабдықтарының элементтері және бірнеше жылдар бұрын студенттер қолданған формалар бар. Қонақтар оқу-өндірістік процессімен, ағымдағы жағдайда нарық үшін қажетті кадрларды даярлау жөніндегі ережемен танысты. Жұмыс сапарының соңында Жұмысшы мамандықтар жылының шеңберінде «Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» «Tin One mining» АҚ тау-кен компаниясымен меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою «Электромонтер», «Металлургия»,  «Металл өңдеу өндірісінің техник–технологы» сияқты жаңа мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі қазіргі уақытта колледжде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша сапалы кәсіптік білім беру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы