Меню

Страницы

Статья

«МехАгро-Новоишим»

2025 жылдың 25 маусымында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша өңіраралық «МехАгро-Новоишим» байқауы өтті. Іс-шараға шақырылғандар: аудан әкімінің орынбасары Б.А.Сапанов, ЖРО басшысы Қ.Қ.Амантаев, Мансап орталығының директоры Н.И. Темірғалиев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Киселев И.П. мен  Ғ.Мүсірепов атындағы аудан ЖШС басшылары. Байқауға ЖШС өкілдері, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығының өндірістік оқыту шеберлері, колледж студенттері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең трактордың құрылымы және жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық бөлім. Практикалық бөлім- «Үздік тракторшы-машинист». Байқау қатысушылар мен шақырылғандарды тіркеу, фуршет-шай, аудандық мәдениет үйі байқауды ашуы, колледж директоры мен шақырылған қонақтардың сөз сөйлеуінен тұрды. оқу-өндірістік жұмыс бойынша директордың орынбасары Анна Васильевна Кирюшкина бағдарламамен қатысушыларды таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. Одан кейін қатысушылар 1-ші кезең теориялық бөлім, трактор құрылымы және жол қозғалысы ережелері бойынша кабинетке барды. Кейін 2-ші кезеңде, «Үздік тракторшы-машинист» практикалық бөліміне дайындалған алқапқа шықты. Ауыл шаруашылығы саласында құзыретті сараптама комиссиясының шешімімен. «Яреско» шаруа қожалығының өкілі Максим Владимирович Реут лайықты жүлделі 3 орынды иеленді. Өндірістік оқыту шебері А.Қ. Зейнуллаев 2 орынға ие болды. Колледж студенті Денис Виталиевич Бейкел лайықты 1 орынды иеленді оған "ең жас механизатор"номинациясы берілді. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы