2025 жылғы 17 маусымда Петропавл қаласындағы Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Нұржанұлы Отарбаев Петропавл қаласы колледждерінің студенттері мен педагогтарымен кездесті.
Жұмыс сапары аясында Малик Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында жариялаған баяндамасының негізгі тұстарын түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуының, азаматтық жауапкершіліктің артуының және адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар кеңесшіге өзекті сұрақтарын қойып, өңірдегі жастар саясаты мен білім беру саласына көрсетіліп жатқан көңіл үшін алғыстарын білдірді.