Меню

Страницы

Статья

Кәсібилікке жол: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өңіраралық кәсіби шеберлік чемпионаты

2025 жылдың 22–23 мамыры аралығында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.

Чемпионат Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 11 команда біріктірілді
 («Тайынша агробизнес колледжі» КММ, «Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ, «Тимирязев агротехникалық колледжі» КММ, «Солтүстік Қазақстан кәсіби–педагогикалық колледжі» КМҚК, «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» КММ, «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК, «Новоишим аграрлық–техникалық колледжі» КММ, «Петров аграрлық–техникалық колледжі» КММ, «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ, «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК және «Айыртау ауданының Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ).

Чемпионаттың басты мақсаты — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығын механикаландыру саласындағы маңызды құзыреттерді дамыту мен насихаттау.

Қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін мына үш бағыт бойынша көрсетті:

  1. ПЛН-3-35 соқасымен жер жырту;
  2. Қозғалтқыштағы клапандар мен тербелткіш иінтіректер арасындағы жылулық саңылауды реттеу;
  3. Аккумулятор батареясына техникалық қызмет көрсету.

Чемпионат — шеберлікті сынақтан өткізумен қатар, колледждер, салалық сарапшылар мен жұмыс берушілер арасында тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болды. Ол студенттердің аграрлық салада сұранысқа ие кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Чемпионат нәтижелері:
I орын —
«Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ
II орын —
«Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
III орын —
«Айыртау ауданының Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі» КММ

Мұндай іс-шаралар жастардың ауыл шаруашылығы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, студенттердің кәсіби дамуын қолдайды, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен агроөнеркәсіптік сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Дата публикации
23 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы