Меню

Страницы

Статья

"Графика және жобалау" пәні бойынша өңірлік студенттік олимпиада

2025 жылғы 16 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері арасында "Графика және жобалау" пәні бойынша өңірлік студенттік олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты "Графика және жобалау" пәні бойынша студенттерді даярлау сапасын арттыру, студенттердің зияткерлік ойлауы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетті іске асыру және техникалық сауаттылық деңгейін арттыру болды.

Олимпиадаға қала және облыс колледждерінен 15 студент қатысты. Олимпиада қазылар алқасының жұмысына "СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің мамандары, колледждердің жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Конкурстық тапсырмаларға екі графикалық тапсырма енгізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

1 орын:

- Вельк Максим Сергеевич, "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК студенті;

2 орын:

 - Дехтярук Надежда Васильевна, "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК студенті, "СҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы" КММ, Горячковский Алексей Васильевич;

- Горячковский Алексей Васильевич, "Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжі" ШЖҚ КМК студенті;

3 орын:

 - Данилов Данила Алексеевич, "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК студенті;

- Гайфулина Марина Руслановна, "СҚУ колледжі" МЕБМ студенті.;

- Тюрин Дмитрий Алексеевич, "Гуманитарлық-техникалық колледжі" МЕБМ студенті.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

Дата публикации
16 мая 2025
Дата обновления
16 мая 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы