Меню

Страницы

Статья

Футзалдан XVII халықаралық турнир

2025 жылғы 20-21 ақпанда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалинді еске алуға арналған футзалдан XVII халықаралық турнир өтті.

Турнирдің мақсаты С. К. Бегалинді еске алу, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту, жастар арасында футболды насихаттау.

Турнирге СҚО және Ресей Федерациясы колледждерінің 9 құрама командасы қатысты. Турнирдің ашылуына Сүйіндік Қазиқанұлының туыстары, достары мен әріптестері қатысты.

Жеребе бойынша командалар үш кіші топқа бөлінді. Жарыстың бірінші күні финалға шығу құқығы үшін алдын ала ойындар өткізілді, екінші күні турнирдің бас жүлдесі – Чемпиондар кубогы үшін қыңыр ойын өтті. Нәтижесінде 1 орын мен Чемпиондар кубогын турнир иелері –ЖСҚ КПК студенттері, 2 орынды – Қорған өнеркәсіптік техникумының (РФ) командасы және 3 орынды – Щучинск қаласынан «SantekhMir» командасы жеңіп алды. Турнир жеңімпаздары тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Турнирді ұйымдастырушылары номинациялар бойынша жүлделер тағайындады. «Үздік қақпашы» – Тимофеев Илья (Қорған өнеркәсіптік техникумы), «Үздік шабуылшы» – Егоров Владислав («SantekhMir»), «Үздік қорғаушы» – Гамазин Роман (ЖСҚ КПК), «Үздік жаттықтырушы» – Ветошкин Денис Александрович (ЖСҚ КПК) деп танылды. Көрермендер көзайымы сыйлығын ЖСҚ КПК қақпашысы – Клишин Александр алды.

С. К. Бегалиннің отбасы номинациялар бойынша жеңімпаздарды ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар берді.

 

Дата публикации
24 февраля 2025
Дата обновления
24 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы