Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 17 ақпанынан 21 ақпанына дейін «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» КММ-де «Дәнекерлеу ісі» мамандығы «Электр газымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша кәсіби шеберлік апталығы өтті.

Аптаның мақсаты:

  • студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыру;
  • оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын бекіту;
  • оқытушылардың бастамашылығы мен шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Апта бойы келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. «Дәнекерлеу өнері» көрмесі;
  2. «Дәнекерлеу ісі» біліктілігі бойынша олимпиада;
  3. Ақпараттық сағат «ҰОС жылдарындағы дәнекерлеушілердің үлесі. Дәнекерлеу тарихы».
  4. 2-курс 25-топ студенттері арасында кәсіби шеберлік байқауы.

17 ақпанда өндірістік оқыту шебері С.Н. Ерохин жалпы колледждік жиында барлық қатысушыларды пәндік аптаны өткізу жоспарымен таныстырып, шығармашылық және креативті студенттердің жұмыстарының көрмесін ұсынды.

18 ақпанда арнайы пән оқытушысы Н.К.Жарлыгапов «Дәнекерлеу ісі» біліктілігі бойынша олимпиада өткізді. Олимпиаданың нәтижелері:

1 орын Пономарев Степан;

2 орын Старых Данил;

3 орын Болотов Михаил.

19 ақпанда арнайы пән оқытушысы Н.К.Жарлыгапов «ҰОС жылдарындағы дәнекерлеушілердің үлесі. Дәнекерлеу тарихы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Онда студенттер дәнекерлеудің даму тарихынан көптеген қызықты және танымдық дүниелер үйренді.

20 ақпанда тақырыптық аптаның соңында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауды өндірістік оқыту шебері С.Н.Ерохин өткізді. Қорытындылау нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Белый Виктор;

2 орын – Анисимов Максим;

3 орын – Қайырбек Қайырлы.

21 ақпанда «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша) апталығының жабылуы өтті. Барлық қатысушыларға өткізілген барлық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін мақтау грамоталары табыс етілді.

Пәндік апталықтың тәрбиелік мәні зор болды. Өйткені ол түрлі күрделі іс-шараларды және шығармашылық жеке және ұжымдық жұмыстың әртүрлі формаларын қамтыды. Пән апталығының барлық қатысушылары белсенді болды, іс-шараларды өткізуге үлкен қызығушылық танытты.

 

Дата публикации
21 февраля 2025
Дата обновления
21 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы