2024 жылдың 10 желтоқсанында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» интерактивті кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл айтулы оқиға колледждің әлеуметтік серіктесі «CT ASSEMBLY» ЖШС қолдауының арқасында жүзеге асты.
Іс-шараның мақсаты: кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және ауыл шаруашылығында тиімді жұмыс істеп қана қоймай, осы салаға инновацияларды енгізуге қабілетті білікті кадрларды даярлау болып табылады.
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» интерактивті кабинетінің ашылу салтанатына «CT ASSEMBLY» ЖШС өкілдері:
Benedikt Held - CLAAS өндірістік желісі мен бірлескен кәсіпорнының вице-президенті;
Золотухин Михаил – «CT ASSEMBLY» ЖШС өндірістік директоры;
Уткин Вячеслав – «CT ASSEMBLY» ЖШС дуальды оқыту бойынша тренері;
Курманова Лейла – «CT ASSEMBLY» ЖШС HR директоры,
сондай-ақ, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Жаңа кабинет болашақ ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындаудың маңызды құралына айналады. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған ол студенттерге оқытудың озық технологияларын тәжірибе жүзінде меңгеруге бірегей мүмкіндік беріп, оқу үдерісінің сапасын арттырары сөзсіз.
Интерактивті кабинеттің ашылуы колледж және өнеркәсіптік компания арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды, бұл өз кезегінде аймақтың ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына ықпал етеді.