Меню

Страницы

Статья

«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз»

2024 жылдың 09 желтоқсанында «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК Солтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен іс-шара өтті.

Заң пәндерінің оқытушысы Архипова Олеся Николаевна іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы айтып, СҚО бойынша 2024 жылғы статистика деректерін келтірді.

Білім беру ұйымдарының жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі және осы бағытта колледжде қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Мусина Гүлзира Катранқызы ұсынды.

Колледж әдіскері Ионова Елена Анатольевна тренинг өткізді, онда директордың тәрбие жөніндегі әрбір орынбасары «сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» атты теңізде өзінің «кемесін» таныстыра алды.

Кездесуге қатысушыларға оқу орны бойынша шағын экскурсия және «Саналы қоғам – жарқын болашақ» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Колледж оқытушылары Бейсенбина Мерей Қанатқызы мен Абылхалимова Аяулым Серікқызы жасанды интеллект арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша бейнеролик жасады. Балалармен осы тақырыпта bamboozle платформасында ойын өткізді және студенттер 15 секундтық бейнероликтер түсірді, онда сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілік туралы айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар колледж ұжымына осындай күрделі және қажетті бағытта жылы кездесу ұйымдастырылып және мағыналы жұмыс атқарылғаны үшін алғыстарын білдірді.

Дата публикации
10 декабря 2024
Дата обновления
10 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы