Меню

Страницы

Статья

Теориядан практикаға: агроөнеркәсіп кешенінің болашақ мамандарына арналған білім беру ортасы

2024 жылдың 3 қыркүйегінде Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Теориядан практикаға: Агроөнеркәсіптік кешеннің болашақ мамандарына арналған білім беру ортасы» атты диалог алаңы өтті, онда Сергей Игорьевич Жолик «CT Assembly» ЖШС бас директоры, Михаил Сергеевич Золотухин «CT Assembly» ЖШС өндірістік директоры,Claas KGaA GmbH (Германия) дуальды оқыту жүйесінің халықаралық бөлімінің басшысы Виктор Эсау, Claas KGaA GmbH (Германия) HR менеджері Сюзанна Курт, дуальды оқыту жүйесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Claas Алексей Пронченок қатысты.

«Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК CLAAS және HORSCH брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорны – «CT Assembly» ЖШС-мен шартқа отырды.Сонымен қатар, колледж, «CT Assembly» ЖШС кәсіпорны және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының дуальді білім беру бағдарламасына қатысуға іріктеуден сәтті өткен 2 курстың 8 студенті арасында үшжақты келісім-шарттар жасалды.

Бұл ынтымақтастық теориялық білім, практикалық тәжірибемен тиімді ұштасатын бірегей оқу ортасын жасайды. Бұл түлектердің біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың заманауи агроөнеркәсіп кешеніндегі нақты жұмыс жағдайына дайын болуын қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін бітірушілер алған мамандығы мен біліктілігі көрсетілген техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом алады.

Осы бағдарлама бойынша студенттердің алғашқы түлектері 2027 жылдың маусым айында күтілуде.

Дата публикации
04 сентября 2024
Дата обновления
04 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы