2024 жылдың 21 тамызында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің базасында "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы колледждері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасының жаңартылған мазмұнының ерекшеліктері ұсынылды: негізгі идеялармен, құндылықтар жүйесімен, мақсатпен, міндеттермен, күтілетін нәтижелермен. Құндылықтар жүйесі және "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасының декомпозициясы қаралды.
Қорытындысында әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар арқылы құндылықтарды енгізе отырып, "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысының жоспарын жасау бойынша ұсынымдар берілді.