2023 жылғы 23 мамырда «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК базасында өндірістік оқыту шеберлері мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арнаулы пәндер оқытушылары арасында кәсіптік шеберліктің Халықаралық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Электрмен жабдықтау» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін көрсету және кәсіби өсуін ынталандыру болып табылады.
Шекара маңындағы ынтымақтастық шеңберінде байқауға Ресей Федерациясының Шадринск политехникалық және Омбы автокөлік колледждерінің және Қазақстан Республикасының 14 колледжінің педагогтары қатысты.
Сарапшылар ретінде «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «EurasiaGroupKazakhstan» ЖШС, «Петропавл трактор зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «ВиВаГа-Лада» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Основание» ЖШС, «СеверЭлектро» ЖШС, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ өкілдері сөз сөйледі
Төрт конкурстық алаңда үздік болу құқығы үшін 29 педагог күресті. Байқау үш кезеңнен тұрды: Визит карточкасы, тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау.
Байқау қорытындысы бойынша үздік атанды:
1 орын - Семизоров Вадим Валерьевич, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
2 орын-Иманов Бахтияр Нұржанұлы, Гуманитарлық-техникалық колледжі;
3 орын-Убамасов Никита Александрович, Омбы автокөлік колледжі.
1 орын - Руди Петр Юрьевич, Аққайың ауданы Аграрлық колледжі;
2 орын - Костромин Анатолий Сергеевич, Шадринск политехникалық колледжі;
3 орын – Закирин Кайрат Пакошевич, Ж. Қизатова атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі.
1 орын-Пукема Ольга Николаевна, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі;
2 орын - Фурманюк Павел Анатольевич, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
3 орын- Аққошқаров Данияр Есемжанұлы, Жоғары агротехникалық колледж.
1 орын – Шақабаев Серік Асылтайұлы, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
2 орын – Асқарбеков Болатжан Эдуардович, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
3 орын - Исақов Біржан Жеткірбайұлы, Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі;
3 орын - Нұртазин Асқар Қайыржанұлы, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі.