Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бұдан әрі - ТжКББ) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға қажеттілік көлемі Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының сайтында орналастырылған.

ТжКББ-мен кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген 7-қосымшасында нарық қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы» КММ-не ұсынады.

 Процестің сипаттамаларын, қызмет көрсетудің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларда келтірілген.

 2024-2025 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 24 мамырды қоса алғанға дейін ұсынылады.

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы