Меню

Страницы

Статья

«Жігіт сұлтаны-2024» Республикалық байқауы

2024 жылдың 10 мамырында Астана қаласының техникалық колледжі жанында «Жарқын болашақ» жобасына қатысушылар арасында «Жігіт сұлтаны-2024» республикалық байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Bilim Foundation» корпоративтік қоры болды. «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы - еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас және талантты адамдарды біріктіретін бірегей оқиға. Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылығы мен кәсібилігін көрсете отырып, әртүрлі номинациялар бойынша жарысады. Солтүстік Қазақстан облысының атынан Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1 курс студенті ХАЛДАВЛЕТОВ АҚТАН қатысып, 1 орынға ие болды. Ақтан мен оның кураторы А. Т. Мейрамованы сенімді жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі биіктіктер тілейміз! Іс-шара соңында қатысушылар үшін EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі бойынша саяхат ұйымдастырылды.

Дата публикации
14 мая 2024
Дата обновления
14 мая 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы