2024 жылдың 25-26 сәуір күндері Щучинск қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында "Демалыс зертханасы: Жарқын.Қызықты.Тамаша" атты педагогикалық отрядтардың Республикалық Слеті өтті. Бұл кәсіби және мәдени байқауға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінен құралған "Жігер" педагогикалық отряды қатысып,үздік өнер көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді. Студенттерді жеңіспен құттықтаймыз!