Заречный, Кожзавод, Жұмысшы кенті ауданы және Петропавл қаласының су тасқыны қаупі бар аймақтарға жатады. Осыған орай ТЖБ мамандары мен колледж еріктілері тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратты. Олар жыл сайын су көп болатын Заречный ауылының көшелерінен бастады.
Тұрғындарға берілген жадынамаларда ең бастысы — су басқан жағдайда не істеу керектігі көрсетілген. Сонымен қатар, байланыс орталығының телефон нөмірлері жазылған. Еріктілер Петропавлдықтарға жадынамалар таратып қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Сәуір айының соңына дейін еріктілер мен төтенше жағдайлар мамандары Заречныйда, Кожзавод ауданында және Жұмысшы кентінде ақпараттық жұмысты жалғастырады. Бұл іс-шараға біздің колледждердің жүзге жуық еріктілері қатысты.