Қаланы көгалдандыру және абаттандыру тұжырымдамасы аясында 2024 жылы Петропавлда 30 жаңа сквер салу және қолданыстағыларын абаттандыру жоспарланған. Құрылысшылар қауымдастығы Құрылысшылар даңқы аллеясының орталық бөлігі ансамблінің үздік эскиздік жобасына сәулеттік конкурсын жариялады, оған Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің құрылыс мамандықтарының студенттері қатысты.
2 сәуірде Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде эскиздік жобалар қорғалды. «Основание», ЖШС директоры С.Тимофеевтің төрағалығымен бағалау комиссиясының құрамына Солтүстік Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының ЗТҚ атқарушы директоры А.Жунусов, Жоғары құрылыс- экономикалық колледжінің директоры А.Кушумбаев, сәулетші В.Затай, «ППО Готика» ЖШС басшысы О.Прудовикова, «ППО Готика» ЖШС сәулетшісі Л.Лахтикова, ЖҚЭК құрылыс бөлімінің меңгерушісі М.Зеленая кірді.
Конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы 3 жүлделі орынды анықтады. Конкурс жеңімпаздары:
Мишура Дарья - Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің 2 курс студенті. Жетекшілер: Е.Скирда, Р.Голубцева.
Койшыбай Аяжант, Бажирбаева Аружан - М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері. Жетекші: Н.Раковец.
Бладыко Данил - Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің 2 курс студенті. Жетекші: Е.Круч.
Жеңімпаздар Солтүстік Қазақстан құрылысшылар қауымдастығымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2017 жылы Құрылысшылар даңқы аллеясының құрылысына Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің құрылыс бөлімінің студенті Ремизов Олегтің жобасы негіз болды.
Қаламызды бірге көркем етейік!