«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК мен «Ресей темір жолы» ААҚ Свердловск дирекциясының филиалы арасында жасалған ынтымақтастық шарты аясында колледж студенттері үшін өндірістік тәжірибе ұйымдастырылды.
Колледж «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығының 4 курс 10 студентін тікелей Екатеринбург қаласында «Ресей темір жолы» ААҚ Свердловск дирекциясы филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік-технологиялық тәжірибеден өтуге жіберді.
Студенттер ақылы жұмыс орындарында тәжірибеден өтті (ай сайынғы төлем 200 мың теңгені құрады), жатақханада тегін тұру орындарымен, межелі жерге дейін жол жүрумен және әлеуметтік қолдау шараларының тізбесімен (медициналық полюсті ресімдеу және т. б.) қамтамасыз етілді.
Тәжірибеден өту кезеңінде 2024 жылғы 12 қаңтар мен 5 наурыз аралығында студенттер «Ресей темір жолы» ААҚ Свердловск дирекциясының филиалында «5-разрядты вагондарды тексеруші-жөндеуші» жұмыс біліктілігі куәлігін бере отырып, кәсіби даярлықтан өтті.
Қазіргі уақытта, 2024 жылғы 13 ақпаннан 22 маусымға дейін колледждің 9 студенті осы кәсіпорында ақылы өндірістік-технологиялық тәжірибеден өтуде.