8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсанында «И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ ТжКБ колледждерінің студенттері арасында облыстық «Сұлу бол» байқауы өтті. Байқауға облыс колледжерінен 9 қатысушы қатысты, олар: Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі, «Кәсіптік оқыту және сервис колледжі» КММ, Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі, «Бәйкен Әшімова атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚМ, «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ, «Петровка аграрлық-техникалық колледжі» КММ.
Байқауға қатысу үшін әрбір қатысушы кешкі немесе салтанатты бейнені ұсынуы керек еді. Байқау шарты бойынша модельдің бейнесі заманауи сән үрдістеріне сай болуы және автордың даралығын білдіруі тиіс. Модельдің костюмі, макияжы және аксессуарлары шаш үлгісімен үйлесімді үйлесуі, автордың идеясын қолдауы және жасалған бейнеге сәйкес болуы керек.
Тәжірибелі шеберлер мен атақты сұлу салонының басшысынан құралған қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмысын шаш үлгісінің дәлдігі мен күрделілігі, макияждың кескін мен сәйкестігі, костюм мен аксессуарлардың 2024 жылғы трендтерге сәйкестігі, өзіндік ерекшелігі, жарасымдылығы, байқау жұмысының қорғауы сияқты түрлі критерийлер бойынша бағалады.
Байқау бағдарламасынан тыс И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің «Шаштараз өнері» мамандығының студенттері тарихи, мифтік кейіпкерлер мен зодиак белгілерінің бейнелерін көрсетті. Олардың арасында Викинг патшайымы, Клеопатра, Баба Яга, періште, шаян, тауешкі және т.б. Студенттер шаш, макияж және костюм таңдауда өз дағдыларын көрсетті.
Байқау нәтижелері:
1 орын – Тыштықбаева Камилла, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі
2 орын – Карасёва Екатерина, Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі
3 орын – Старицына Ксения, «Кәсіптік оқыту және сервис колледжі» КММ.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан мадақтама мен бағалы сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.