Меню

Страницы

Статья

Футзалдан ХVI Халықаралық турнир

22 және 23 ақпанда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры Сүйіндік Казиқанұлы Бегалинді еске алуға арналған футзалдан ХVI халықаралық турнир өтті. Турнирдің мақсаты- С. К. Бегалинді еске алу, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орындары арасындағы достық байланыстарды нығайту, жастар арасында футболды насихаттау. Турнирге №1 Омбы педагогикалық колледжінің, Ресей Федерациясының Шадринск политехникалық колледжінің және Петропавл қаласының жеті колледжінің командалары қатысты. Турнирдің ашылуында қатысушыларға Сүйіндік Казиқанұлының туыстары, достары, әріптестері құттықтау сөз сөйледі. Жеребе бойынша командалар 3 кіші топқа бөлінді. Жарыстың бірінші күні финалға шығу үшін алғашқы ойындар өтті, екінші күні әр кіші топтың үздік командалары финалда турнирдің басты кубогы – ауыспалы чемпиондар Кубогы үшін күресте кездесті. Финалда Шадринск политехникалық колледжінің құрама командасы 3:4 есебімен Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіне орын берді. № 1 Омбы педагогикалық колледжі Шадринск политехникалық колледжін жеңді. Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік колледжінің құрама командасы финалда №1 Омбы педагогикалық колледжімен 2:3 есебімен ойнады. Нәтижесінде 2024 жылы колледж директоры Сүйіндік Казиқанұлы Бегалинді еске алуға арналған футзалдан ХVI халықаралық турнирдің ауыспалы чемпионы Кубогы Омбы қаласына аттанады. Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирді ұйымдастырушылары номинациялары бойынша үздік спортшыларды марапаттады: «Үздік қақпашы» Лунев Игорь (ЖСҚ КПК), «Үздік шабуылшы» - Мұқашев Олжас (ЖСҚ КПК), «Үздік қорғаушы» - Боровых Евгений (Шадринск политехникалық колледжі), «Үздік жаттықтырушы» - Черников Александр (№1 Омбы педагогикалық колледжі) деп тән алынды. Бегалиндер отбасы номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін құнды сыйлықтар берді.

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы