Меню

Страницы

Статья

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушыларға нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар қалай есептелді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы басталды және 1 ақпаннан бастап БЖЗҚ-ға Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балаларға Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелді.

Бағдарламаға 6 919 131 бала (01.01.2006 ж.бастап 31.12.2023 ж. дейін туған) қатысты, оның ішінде 304 815 қатысушы (01.01.2006 ж. бастап 31.12.2006 ж. дейін туған) 2024 жылы 18 жасқа толады.

Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары және 52 цент есептелді.

Бұл сома қалай есептелді?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен БЖЗҚ мынадай ақпаратты алды: Ұлттық қордың инвестициялық кірісі жылдық мәнде 1,39 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірісі. Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі 2,60% (АҚШ долларымен) болды.

Ұлттық инвестициялық кірістің 50% – бұл 2024 жылы есептелетін нысаналы талаптар сомасы - 695,5 миллион АҚШ доллары.

БЖЗҚ-ның "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алған мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарының тізімі қалыптастырылды. Оның құрамына 6 919 131 бала кірді, оның ішінде 2024 жылы 18 жасқа толатын 304 815 қатысушы да бар.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% мөлшері (695,5 млн АҚШ доллары) Бағдарламаға қатысушылардың санына (6 919 131 бала) бөлінді және олардың әрқайсысы 100,52 АҚШ долларын алды. Бұл алғашқы есептеулер, жыл сайын Ұлттық қор активтерінің өсуі мен инвестициялық кірісі есебінен қаржы ұлғаятын болады. Бұдан басқа, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады. Одан Бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс түсіп отырады.

Баланың "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатыса алатыны туралы ақпаратты, сондай-ақ, оған есептелген нысаналы талаптарды кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, egov.kz порталындағы Жеке кабинетте баланың ЖСН бойынша тексере алады.

Дата публикации
23 февраля 2024
Дата обновления
23 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы