Біз бәріміз Жер деп аталатын бір кеменің балаларымыз, демек, одан көшіп кететіндей бізде басқа ғаламшар да жоқ. Күнделікті қатаң ережеге сүйене отырып: таңертең тұрдым, бетімді жуып, өзімді ретке келтірдім, осыған сәйкес Жер ғаламшарымызды да бірден ретке келтіруімізге тиіспіз. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер барған сайын өзекті болып келеді және бұл мәселелерге балаларды кішкентай кезінен бастап тарту өте маңызды. Сол себепті, экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру оларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы білуге көмектесіп қана қоймай, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
2024 жылы 4 ақпанда СҚО Айыртау ауданының өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды қолдау орталығында бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ғаламшарымызды бірге сақтайық» экологиялық байқауы өткізілді.
Қатысушылар қоршаған ортаға қандай әрекеттер зиян тигізетінін және олардың әрқайсысы экожүйені сақтау үшін қандай қадамдар жасай алатынын түсіну үшін жиналды. Балалар «Бізді сақтаңдар» атты танымдық фильмін тамашалап, фильмді көргеннен кейін өз пікірлерін білдірді. Жас экологтар командаларына эстафета қағидаты бойынша «Тірі әріп» байқауы ұсынылды. Сигнал бойынша, маркерлері бар қатысушылар эстафеталық таяқшалардың орнына гүлдердің, ағаштардың, құстардың, жануарлардың атын жазып, маркерді ойынның келесі қатысушыларына берді. Кестені бірінші болып толтырған жас экологтар командасы жеңіске жетті. Капитандар байқауында қатысушылар жеңіске жетуге тырысты. Сонымен қатар көрермендер де назардан тыс қалмады. Жүргізуші «Шатасу» ойынын ұсынды. Балалар қоршаған әлем туралы жұмбақтар шешіп, экспресс-сауалнамада өз білімдерін жақсы көрсете білді. «Пантомима» байқауында әр командаға экологиялық ережелер мимикамен және қимылмен көрсетілді. Байқауға қатысушылар тапсырма парақшаларын алып, шағын көріністерді көңілді өткізіп шықты. Әрі қарай қатысушылар жас экологтың өсиеттеріне түсініктеме берді. 2-отбасы тобының балалары өлеңдер дайындап, барлық қатысушылар үшін үлкен қуанышпен оқып шықты.
Байқау-ойын бағдарламасының соңында қазылар алқасы құрамындағы Г.В. Клецко, Л.Г. Лукьянова және Найманбаева осындай маңызды іс-шараға қатысқандары үшін, күш-жігері мен белсенділіктері үшін балаларға алғыс айтып, өз армандарына жету жолында қуанышты сәттер тіледі. Тәрбиеленушілер Сушко Екатерина, Захаров Алексей, Метелев Роман, Шляга Раиса, Загребельный Роман, Скачкова Адема, Тұрарбек Фариза, Дубровский Кирилл, Яковлева Анастасия, Тюриков Кирилл, Плосков Даниил, Негметова Лайлим грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Өткізілген іс-шараның нәтижесінде балалар экология бойынша жаңа білім алып қана қоймай, табиғатты бағалауды және оған қамқорлық жасауды үйренді. Байқау аясында балалардың әрқайсысы күнделікті кішігірім әрекеттерден бастап, қоршаған ортаны қорғауға үлестерін қоса алатынын түсінді. Ғаламшарымызға жақсы күтім жасап, оны аялап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру әрқайсымыздың міндетіміз.
Сергиенко Н.Н. - СҚО Айыртау ауданының
балаларды қолдау орталығының тәрбиешісі