Меню

Страницы

Статья

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы

ҰБТ-ның пәндер саны - үш міндетті (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және екі профильді.

Оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық бойынша 10 тест тапсырмасы (шекті балл – 3), Қазақстан тарихы бойынша 20 тапсырма (шекті балл – 5). Профильді пәндер бойынша – 40 (шекті балл – 5).

Барлығы 120 тапсырма.

Ең жоғары ұпай – 140 балл.

Тестілеу ұзақтығы - 4 сағат (240 минут).

ҰБТ күніне 2 рет өткізіледі: 1 лек- 09.00-ден 13.00-ге дейін, 2 лек - 14.30-дан 18.30-ға дейін.

Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады.

Тест тапсырмасының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.

Апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия жүргізеді.

Пункттер заманауи бейнебақылау жүйесімен: «1 тестіленуші - 1 компьютер– 2 камера» қағидасы бойынша қамтамасыз етілген. Оқуға түсушілер тестілеу жүйесіне әрбір шығу және кіру кезінде компьютерде орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік нысаны авторизациялаудан өтеді.

Түлектер тестілеуді тапсыру орнын, күнін және уақытын дербес өзі айқындайды.

Ерекше қажеттіліктері бар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) балалар үшін тестілеуге қосымша 40 минут беріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсуші тұлғалар үшін тестілеу ұзақтығы - 70 минут.

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы