2024 жылғы 12 қаңтарда әлеуметтік әріптестік аясында «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ бас директоры Анатолий Антонович Казановский жұмыс сапарымен Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжі КМҚМ-де болды. Экскурсия барысында колледждің техникалық базасының материалымен және энергетика саласы бойынша болашақ мамандардың дайындығымен танысты. Сапар барысында «Электрмен қамтамасыздандыру» мамандығының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Диалог барысында «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ басшылары мен колледж арасындағы оқу орнының одан әрі даму перспективалары мен серіктестердің өзара іс-әрекеттері талқыланды.