2023 жылдың 21 қарашасы мен 27 қарашасы аралығында Астана қаласында жыл сайынғы WorldSkills Kazakhstan – 2023 Ұлттық чемпионаты өтті.Бұл байқаудың мақсаты – көгілдір мамандықтардың беделін арттырып, шеберліктерін шыңдау.
Бұл байқауға облысымыздан 8 колледж 15 құзырет бойынша қатысты. Біздің қатысушылар келесі құзыреттер бойынша 2 алтын, 1 қола және 8 медаль жеңіп алды:
- Алтын медаль – «Графикалық дизайн» мамандығы бойынша Шаболдасова Виктория (Мағжа Жұмабаев атындағы жоғары колледжі),
- Алтын медаль – «Электр монтажы» мамандығы бойынша Иванов Борислав («Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі» КМК),
Қола медаль – «Кірпіш құю» мамандығы бойынша Сергей Смирнов («Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» ҚГКП), 8 оқушы «Үздік Маман» медалінің иегері атанды:
- «ЧПУ станоктарындағы токарлық жұмыстар» - Василий Шабанов (Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі),
- «Аспаздық» - Зенин Данил (Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі),
- «Дәнекерлеу технологиялары» - Вадим Витковский (М. Жұмабаев ауданы Кәсіптік оқыту және сервис колледж),
- «Веб-технологиялар» - Пухов Иван (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж),
- «Желі және жүйелік әкімшілендіру» - Кирилл Лукьянов (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж),
- «Жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» - Вадим Семизоров (Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжі),
- «Электроника» - Кирилл Перепелцев (Гуманитарлық-техникалық колледж),
- «Шаштараз өнері» - Кристина Капустина (Ескендір Даутов атындағы қызмет көрсету колледжі).
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және ерекшелік медальдарымен марапатталды.