Меню

Страницы

Статья

Ұлттық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы»

«Үздік экологиялық білім беру ұйымы» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Ережеге сәйкес, байқау материалдары облыстық кезеңде қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыс Ұлттық кезеңге қатысуға жіберіледі.

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңіне үш номинация бойынша 32 жұмыс қарастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Экологиялық Конкурстық жұмыстарды 18 қазанда қазылар алқасының мүшелері қарады, оның құрамына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, «ЭКО сфера» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, М. Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «География және экология» кафедрасының профессоры, сондай-ақ «Добрая Планета» қайырымдылық қорының өкілі кірді.

Қазылар алқасы мүшелерінің конкурстық жұмыстарды қарау нәтижелері бойынша Ұлттық конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылданды:

  • «Үздік экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинация бойынша - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «Айгөлек» бөбекжайы МКҚК;
  • «Үздік экологиялық жоба» номинация бойынша - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлім» КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» КММ «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектебі» КММ;
  • «Табиғатқа қолайлы ұйым» номинация бойынша - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «№2 Булаев орта мектебі» КММ.

Республикалық кезеңде қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Дата публикации
31 октября 2023
Дата обновления
31 октября 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы