20 қазанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде Аспаздар күніне арналған «Дуальды оқыту колледждің негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру нысаны ретінде» атты өңірлік дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына «Атамекен» СҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «СҚО мейрамханалар мен мейманханалар иелерінің қауымдастығы» ҚБ өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері, СҚО колледждерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында білім беру жүйесі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруге тиіс екенін атап өтті. Оқу орындары әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құруы керек.
Кездесудің мақсаты Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында дуальды оқытудың негізгі тақырыптарын талқылау болды. Кездесу қатысушылары колледждер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту және кеңейту, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін құру және дуальды оқыту нысаны бойынша мамандықтар тізбесін кеңейту бойынша өзекті мәселелерді қарастырды. Азық-түлік саласының қызметкерлері мен колледж педагогтері адал еңбегі, жүйені дамытуға қосқан зор үлесі және кәсіби мерекеге орай мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.