Меню

Страницы

Статья

"Global art competition 2023" халықаралық жас орындаушылар байқауы

07-12 қазан аралығында Адана қаласында (Түркия) "Global art competition 2023"халықаралық жас орындаушылар байқауы өтті. Дарынды жас оқытушылар, студенттер мен оқушылар тобы осы беделді сайыста қазақстандық делегацияны таныстырды. Оған Павлодар, Астана, Алматы, Қарағанды және еліміздің басқа өңірлерінің орындаушылары қатысты. Сонымен қатар, байқауға Грузия, Армения, Греция делегациялары және де түрік музыканттары келді. «Global art competition» байқауы өзін әртүрлі елдердің музыканттары үшін беделді және жоғары кәсіби сайыс ретінде көрсетті. Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені барлық ұсынылған номинацияларда 6 алтын, 4 күміс және 2 қола медальдарымен жеңіске жетті:

Кулибекова Анель 1 орын (Ішекті аспап)

Кудальцова Мария 1 орын (Фортепиано)

Галеев Асхат Ертайұлы 1 орын (Домбыра)

Габидуллина Василия Фаридовна 1 орын (Академиялық ән салу)

Абиева Ақерке 1 орын (Академиялық ән салу)

Ультараков Досым 2 орын (Фортепиано)

Құсаинов Мади 2 орын (Академиялық ән салу)

Лапухина Екатерина Барисовна 2 орын(Фортепиано)

Мұхитұлы Зейнер 2 орын (Труба)

Кислощей Артём Васильевич 3 орын (Альт)

Кислошей Радмир 3 орын (Скрипка)

Дата публикации
18 октября 2023
Дата обновления
18 октября 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы