Облыста мектептері жоқ 166 ауылдық елді мекен және тиісті мектептері жоқ 120 ауыл бар. Осы ауылдарда тұратын балалар үшін жақын маңдағы 145 мектепке жеткізу жүзеге асырылады.
Күн сайын 145 мектепке 1790 оқушы жеткізіледі. Апта сайын 50 мектеп жанындағы интернатта тұратын 994 оқушыны тасымалдауда.
Оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін 154 бірлік автокөлік бар. Жыл сайын білім беру ұйымдары үшін ескірген көліктің орнына автокөлік жаңартылып, сатып алынады. Осылайша, 2020 жылы 43 бірлік сатып алынды, 2021 жылы 18 бірлік жаңартылды.
Биыл ауыл мектептерінің оқушыларын тасымалдау үшін 29 автобус сатып алынды.