Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 9 қыркүйегі аралығында облыс мектептерінде және 1 мен 13 қыркүйек аралығында орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары» тақырыбында «Адалдық сағаттары» өткізіліп 48 000-ға жуық оқушы және 1 000 студент қатысты. Іс-шаралар әртүрлі форматта өткізілді: сынып және кураторлық сағаттар, пікір-сайыстар, дөңгелек үстелдер, викториналар және т.б.