Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысын орындау шеңберінде 2023 жылғы 27 маусымда халық үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Кеңес алу үшін қаланың 80-нен астам тұрғыны жүгінді. Тұрғындардан балаларды балабақшаларға қабылдау, 1 сыныпқа қабылдау, колледждерге түсу, қосымша білім беру сияқты сұрақтар келіп түсті. Білім басқармасының мамандары келіп түскен барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді.