16 маусым күні Айыртау ауданының Саумалкөл ауылы агротехникалық колледжі 65 жылдық мерейтойын аталып өтті. Іс-шаралар бағдарламасы ғылыми-практикалық конференциямен ашылды. Оған колледж директоры Б.Т.Жанахметов, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Н. Протопопова, облыстық мәслихаттың депутаттары, облысымыздың колледж директорлары, әлеуметтік серіктестер, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, білім ордасының түлектері қатысты.
Бұл оқу орнының өзіндік тарихы бар. 1958 жылы механизатор кадрларын даярлайтын No80 ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі ретінде ашылған оқу орны үздіксіз даму үстінде, оқу-материалдық-техникалық базасы нығайып, мамандар даярлау сапасын арттырып, мамандықтар аясын кеңейтуде.
Осы жылдар ішінде сіздер, құрметті колледж қызметкерлері, 5 мыңнан астам білікті жұмысшыларды дайындадыңыздар. Олар қазір облысымыздың, еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек етуде.