31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда жыл сайын жазықсыз сотталғандарды еске алу іс-шараларымен атап өтіледі.
М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары мен студенттері Мағжан Жұмабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға арналған іс-шараға қатысты. Бұл кездейсоқ емес, себебі жоғары колледж жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған және сталиндік режимнің түрме қабырғасында қаза тапқан қазақ халқының даңқты ұлының есімімен аталған.
Гүл шоқтарын қою осы күн қарсаңында колледжде өткізілетін тәрбиелік сипаттағы іс-шаралардың бірі болып табылады.
Колледж кітапханаларында осы күнге орай кітап және виртуалды көрмелер, «Саясат зобалан толқындары» ақпараттық құжаттамасы, «30-50 жылдардағы қуғын-сүргін туралы не оқуға болады?» атты ұсынылған көркем әдебиеттің тізімі ұйымдастырылды, пайдаланушы студенттердің біздің еліміздің тарихы туралы білімін кеңейтуге, саяси қуғын-сүргін мен олардың құрбандарын есте сақтауға, колледж кітапханасының қорын ашуға және осы тақырыпта Интернет желісі қорының кеңдігін көрсетуге мүмкіндік береді.