Меню

Страницы

Статья

Информация по дополнительному образованию

Қосымша білім беру: әр бала үшін мүмкіндіктер кеңістігі

Облыста білім беру, спорт, мәдениет салаларында, сондай-ақ жеке және басқа да ұйымдар базасында кең ауқымды қызметтер көрсететін 87 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Қалыптасқан желі балалардың қабілеттері мен таланттарын дамытудың тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысып, өз әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік жасалған. Өңірде спорт секциялары, қызығушылықтары бойынша бірлестіктер және түрлі бағыттағы үйірмелер ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың басым бөлігі жалпы білім беретін мектептер негізінде жұмыс істейді, бұл қосымша білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыруға ерекше назар аударылады. «Даму бала» және «Арт спорт» бағдарламалары аясында балаларды өнер мен спортқа тарту қамтамасыз етіліп, олардың жан — жақты дамуына жағдай жасалуда.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға және олардың спортқа, шығармашылыққа, зерттеу ісіне деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Өңірдегі қосымша білім беру – әрбір бала өз бағытын тауып, қабілетін аша алатын және болашақ жетістіктерге сенімді қадам жасайтын заманауи мүмкіндіктер кеңістігі.

Дата публикации
26 мая 2023
Дата обновления
15 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы