Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде 2023 жылғы 28-30 наурыз аралығында арнайы пәндер оқытушылары М. В. Яварович пен С. А. Құлатаев академия курсанттары үшін оқыту шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік-сыныбы барысында курсанттар автомобиль көлігін диагностикалау және техникалық қызмет көрсету бойынша заманауи жабдықтарда оқудан өтті. Академия курсанттары, болашақ техникалық қамтамасыз ету мамандары автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуде диагностикалық жабдықты қолдануда кәсіби құзыреттілікті жетілдірді.