1 сәуірден бастап Қазақстанда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
2023 жылғы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын құқықтық қамтамасыз ету және мониторингілеу бөлімінің басшысы Е.Ж. Нұрахметов «1 сыныпқа қабылдау» тақырыбындағы кеңесте сөз сөйледі, оған Петропавл қаласының және аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Баяндамада құжаттарды қабылдау ережелері, көрсету мерзімдері, сондай-ақ 1-сыныпқа түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі жарияланды.