Үш күн бойы бүкіл ел Наурыз мейрамын тойлады. Мерекелік шаралар мазмұнды, жарқын және ауқымды сипатқа ие болды. Петропавлдықтар 21-22 наурыз күндері облыстық алаңда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Мұнда 10-нан астам киіз үй, алтыбақан, сауда шатырлары орнатылды. Әр киіз үй әртүрлі тақырыпқа арналды. Екі киіз үйде көрме-саттық ұйымдастырылып, шеберлер сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудағы өнерлерін ортаға салды.
2023 жылы Қазақстанда бірқатар маңызды оқиғалар болуда, сондықтан киіз үйлердің бірі мерейтойларға арналды:
Наурыз мейрамы – Қазақстанда және көптеген басқа елдерде көктемгі жаңару мерекесі. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күні тойланады. Бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. Наурыз – жаңа жылдың басы, көктемнің келуі, жер бетіндегі барлық тіршіліктің жаңадан туатын күні.
Бұл мереке үлкенді-кішілі барлық қатысушыларға қаншалықты көңілді, қуаныш пен рахат әкелді.