Меню

Страницы

Статья

«И. Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжі» КММ «Коса – девичья краса» атты шашты өру Junior Skills чемпионаты бойынша ақпарат

Junior Skills қозғалысы ерте кәсіби бағдарлаудың, кәсіптік даярлық негіздерінің және оқушылардың кәсіби шеберліктегі жарыстарының бір түрі болып табылады.

2023 жылдың 28 ақпанында «И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ базасында Петропавл қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Коса – девичья краса» атты Junior Skills чемпионаты өтті. Чемпионатқа келесі мектептерден 30 үміткер қатысты: «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ, «Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ, «№31 толық емес орта мектеп» КММ,

«Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы қазақ-мектеп гимназиясы» КММ, «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ, «№13 орта мектеп» КММ, «БЕСТ» гимназиясы» КММ, «№ 8 жалпы орта білім беретін көркем-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ, «Токушинск мектеп-гимназиясы» КММ, «Әл-Фараби мектеп лицейі» КММ, «Радонежский Сергия құрметіне орта мектеп» ЖМ.

Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Школьная коса»; «Коса для школьного бала».

Байқау барысында орындалған шаш үлгілерін «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің құзыретті мамандары А. С. Анкудинова, Л. Н. Барашина, И. В. Джунь, Г. А. Пархоменко бағалады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. «Школьная коса» номинациясында:

1 орын — Сұлтанғалиева Камила, «Н. К. Крупская атындағы № 10 орта мектебі» КММ оқушысы;

2 орын — Шамрай Екатерина, «№ 8 жалпы орта білім беретін көркем-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ оқушысы;

3 орын — Чемисова София — «Н. К. Крупская атындағы № 10 орта мектебі» КММ оқушысы.

«Коса для школьного бала» номинациясында:

1 орын — Қанат Сымбат «Абай атындағы қазақ-мектеп гимназиясы» КММ оқушысы;

2 орын — Васильева Анастасия «БЕСТ» гимназиясы» КММ оқушысы;

3 орын — Косарева Валерия «Токушинск мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы;

Байқаудың қалған қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы