Меню

Страницы

Статья

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023

2023 жылғы 28 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: жұмыс берушілер мен жұмысқа мұқтаж колледж түлектерінің мүдделерін жақындастыру, түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлау. Іс-шараға колледждің 270 түлегі, Петропавл қаласы мектептерінің 9-сыныптарының 65 оқушысы және колледж мамандарын даярлау бейініне сәйкес келетін СҚО-ның 22 түрлі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Іс-шараға қатысушыларға колледж директоры Е.А.Жақыпов құттықтау сөз сөйледі, жұмыс берушілер Петропавл ЖЭО-2 персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы О.Ф.Зозуля және азаматтық қорғау подполковнигі, СҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы Р. Г.Нұртазин сөз сөйледі. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларға 11 мамандық бойынша білікті кадрлар даярлау туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара бағдарламасы аясында жұмыс берушілерге кадр мәселесін шешуге, ал колледж түлектеріне жұмыс табуға және ертеңгі күнге сенімді болуға мүмкіндік беретін диалог алаңы өтті. Мектеп түлектері үшін колледждің оқу-өндірістік кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара МТРК және "QYZYLJAR"телеарналарының жаңалықтар ленталарында жарияланды.

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы