Меню

Страницы

Статья

День открытых дверей

2023 жылдың 10 ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қалалық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл іс-шараға 130 дан астам оқушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын әртүрлі бағыттағы бәсекеге қабылетті мамандар даярлайтын, тарихы бай, өзіндік дәстүрлері қалыптасқан оқу орнымен таныстыру, түлектерге кәсіби бағдар беріп, болашақ мамандықтарын анықтауға көмектесу.

Сол сияқты аталған іс-шараға әр жылдардағы колледж түлектері Қалиева Индира, Қажжан Майгүл және Полей Екатерина шақырылды. Бүгінде олар өмірде өз орнын тапқан талай жыл өз мамандығының игілігін көріп, халқына қызмет еткен беделді мамандар болып табылады.Түлектер мектеп оқушылары мен студенттерге мамандық таңдауда өз жетістіктерімен бөлісіп, мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар, тиімді кеңестер берді.

Ашық есік күнінің бағдарламасына сәйкес, түлектерге колледжде экскурсия ұсынылып, колледждің материалдық базасымен, заманауи құралдармен жабдықталған аудиториялармен таныстырылды, мамандақтар көрмесін қызықтады. Қорытындысында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде оқудың басымдылықтарын көрсету мақсатында мектеп оқушыларына мерекелік концерт ұсынылды. Концертте оқытушылардың және әртүрлі мамандықтарда оқитын студенттердің қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық шығармашылықтары және жетістіктерімен таныстырылды және үгіт бригадасының қойылымымен мамандықтарға шолу жасалынды.

Дата публикации
11 февраля 2023
Дата обновления
11 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы