Меню

Страницы

Статья

Машина жасау саласына арналған құзыреттілік орталығы

2022 жылғы 23 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «CББ станоктарында токарлық және фрезерлік жұмыстар» құзыреттілік орталығы ашылды.

Ашылу салтанатына колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты: «AVAGRO» ЖШС, «Поиск» ВФ ЖШС, ЗМО ЖШС, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ, ПЭТЗ ЖШС, ГУ-12, СҚО ББ.

Құзыреттілік орталығы WSK құзыреттілігі бойынша «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар» және «СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар» бойынша аймақтың құрама командасы үшін оқу-жаттығу лагерін құруға мүмкіндік береді. Өйткені ол интерактивті мультимедиялық кешендермен, CTX 310 ecoline - СББ токарлық станокпен Ø 200 × 455 мм, DMC 635 V ecoline-790 × 560 мм тік фрезерлік орталықпен қамтамасыз етілген.

Арнайы пәндердің барлық оқытушылары осы жабдықта оқытылды. Орталық машина жасау саласының жас мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз етуге, жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, өндірістік сипаттағы жұмыстардың белгілі бір түрін орындау бойынша қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Колледж директоры өз сөзінде: «Қазіргі заманғы құзыреттілік орталығының ашылуы – колледжді өз түлектерінің табысты әлеуметтенуін және артықшылығын қамтамасыз ететін инновациялық үлгідегі оқу орнының деңгейіне шығаруға сенімді қадам», – деп атап өтті.

Дата публикации
26 декабря 2022
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы