Меню

Страницы

Статья

Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»

1 қадам. Порталда тіркелу қажет, ал егер сіз тіркелген болсаңыз, онда СТН мен парольді пайдаланып немесе ЭЦҚ көмегімен авторизациялау қажет.

2 қадам. Электрондық үкімет порталының басты бетіне өтіп, «білім"» қойындысына өтіңіз.

3 қадам. Орта білім беру қойындысына өтіп, «құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы», бұдан әрі «негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдаңыз.

4 қадам. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қызмет бетінде «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін пайдаланыңыз.

5 қадам. Барлық құсбелгілерді қойып, пайда болған өтініш формасын толтырыңыз. Біз өзіміз туралы мәліметтерді толтырамыз, оқу түрін, оқу тілін таңдаймыз.

6 қадам. Сканерленген тиісті құжаттарды тіркейміз.

7 қадам. Бұдан әрі Сіздің электрондық–цифрлық қолтаңбаңыздың (ЭЦҚ) көмегімен немесе смс–парольдің көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті) қол қою қажет болады. Бұл ретте электрондық өтініш беру аяқталды.

8 қадам. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі: бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Дата публикации
19 декабря 2022
Дата обновления
19 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы