Меню

Страницы

Статья

Дөңгелек үстел тақырыбы: «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ... Қайда бару керек?»

2022 жылғы 6 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ... Қайда бару керек?».

Іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы

А.З.Асейнова, Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы

Е. Н. Завьялова, «Ана үйі» ресурстық орталығының аймақтық маманы

М.К.Кошембаева, Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық секторының әдіскері М. А.Төлегенова Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандар по жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полицияның аға лейтенанты Моисеева В. Н., Петропавл қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Ильясова А. С. шақырылды.

Дөңгелек үстелге Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әлеуметтік педагогтары мен ата-аналар қауымы да қатысты.

Кездесудің Құзыретті қатысушылары зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға қатыгездіктің алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар берді.

Дөңгелек үстел жұмысы кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездіктің алдын алу бойынша сындарлы диалогқа айналды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға, әйелдерге көмек көрсететін жедел желілердің, дағдарыс орталықтарының, қызметтердің телефон нөмірлері көрсетілген жадынамалар берілді.

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы