Меню

Страницы

Статья

Балаларды қолдау орталығының меретойы

2022 жылдың 20 қазанында Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығында мекеменің 55 жылдығына арналған іс-шара өтті. Мерейтой  күнінің бірінші жартысында  «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қоғамда табысты бейімделуге және әлеуметтенуге бағытталған жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Н.А Жәшібеков, қорғаншылық, Қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы М.Т Науанова, Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Б.Ж Зейнуллин, Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Р.С Сәркен, басшылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірде қиын жағдайға душар болған балалар ұйымдарының педагог- психологтары қатысты. Өзекті тақырып бойынша маңызды мәселелерді талқылау мейірімді атмосферада жүргізілді. Модератор Р.С Сәркен дөңгелек үстелдегі әңгімені «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бағдарлары» тақырыбынан  бастады. Бұдан әрі өздерінің жұмыс тәжірибелерімен  Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығы директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Н.В Шефер, Петропавл қ. Жасөспірімдер үйінің директоры Ж. Қ  Қосыбаев, Соколов арнайы мектеп-интернатының директоры  М.А Данилова,     №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының педагог-психологы Л.Х Кожахимова, Қызылжар ауданының Балаларды қолдау орталығының директоры  С.А Макарова, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.Ж Омарова, Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы   Б.Ж Зейнуллин бөлісті. Балалар үйінен шыққаннан кейінгі өмір туралы балалар үйінің түлегі, Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығының тәрбиешісі Д. М Лось баяндап берді. Семинар соңында орталық директоры Е. С Қалиев сөз сөйлеп, кездесуге келген қатысушылардың барлығына алғысын білдіріп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балалармен келешекте жұмыс жасауда табыс тіледі. Семинарда сөз сөйлеген және оны ұйымдастыруға қатысқан барлық педагогтарға сертификаттар табысталды.

Осы семинарға орай балалармен жұмыс жасау бойынша шеберлік сабақ өткізілді. Атап өтсек, еңбек жөніндегі нұсқаушы С.В Варнавинаның ұйымдастыруымен «Ашық үйеңкі жапырағын жасау», педагог-психолог М.В Несветееваның ұйымдастыруымен  «Буллингке қарсы тұру» психологиялық тренингі, тәрбиеші Р.С Жандосованың ұйымдастыруымен «Ертегілердің беттері бойынша»  үш тілде квест-саяхаты.  Семинарға қатысушылардың жоғары кәсібиліктерін  атап өтті және ата-анасының жылулығынан айырылған балаларды тәрбиелеу ісіне орталық педагогтарының құрметпен қараулары ерекше бағаланды.

Күннің екінші жартысында аудандық Мәдениет үйінде мерейтойлық концерт өтті.

Сахнадан Айыртау ауданының әкімі Е.М Бекшеновтен, СҚО Білім басқармасының басшысы Н.А. Жәшібековтен, «Гусаковка» ЖШС директоры        Н. М. Сердалиннан, Әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Р.С Сәркеннен, Облыстық кәсіподақ ұйымының басшысы Б.Е Аюповтан, Соколов арнайы мектеп-интернатының директоры М.А Даниловадан, Айыртау ауданының Білім бөлімінің басшысы Б.Ш Баймағамбетовадан мекемеге арнап көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды.

Орталықтың келесі қызметкерлері Алғыс және Құрмет грамоталарымен  марапатталды: Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен - Л.В Карпенко, Алғысымен –Г.И. Верещагин, Г.В Молдаванская. СҚО Білім басқармасының басшысы Н.А Жәшібеков Балаларды қолдау орталығының директоры Е.С Қалиевке СҚО әкімі Қ.И Ақсақаловтың атынан ұжымға Алғыс хат және СҚО Білім басқармасының атынан робототехника кабинетін ұйымдастыруға 7млн. теңге сомасына сертификат табыс етті. СҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасымен: А.Е Салгарина, Л.Л Григалюс, В.М Тимошина, Н.И Иванова, СҚО Білім басқармасының Алғысымен – демеуші Н.А Горбунова, орталық қызметкерлері – А.Н Жиров, В.А Мусина, Ю.П Жиров марапатталды. Білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы облыстық комитетінің Құрмет грамотасымен Ж.Т Наймантаев, И.Ю Ковалева марапатталды. «Щучинский» шипажайына сауықтыру жолдамаларын Е.С Қалиев және Қ.Д Сүйіндіков, «ДискавериБоровое»  курорттық аймағына – Л.Г Лукьянова, К.Е Коканова сауықтыру жолдамаларын алды.

Ұжымды педагогикалық еңбек ардагерлері С.Р Пихидько мен Г.А Сүлейменова мерейтойымен құттықтады.

Сахнада Балаларды қолдау орталығының әртістері ғана емес, Саумалкөл ауылының  Қазақ орта мектебінің, №2 Мектеп-гимназиясының, №1 Орта мектептің, Агротехникалық колледждің педагогтары мен оқушылары да өнер көрсетті.

Мәдениет үйінің экранынан Н.Гимазутдинова, А.Гольц, А.Шелковникова, А.Колчугина және басқа  бұрынғы тәрбиеленушілерден құттықтаулар айтылды. 2015 жылдың түлегі Сельница Александр мерекеге бүкіл ұжымды мерейтойымен жеке құттықтау үшін келіп, өз орындауында «Туған үй» әнін сыйға тартты.

Концерт соңында Қалиев Елемес Сәулеұлы облыс және аудан басшылығына, демеушілерге, еңбек ардагерлеріне, әріптестеріне, барлық қатысушыларға құттықтаулары,  көмектері мен қолдаулары үшін алғыс айтып, барлығына зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

СҚО Айыртау ауданының Балаларды
қолдау орталығы директорының оқу
ісі жөніндегі меңгерушісі Н.В Шефер.
Тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі В.М Наймантаева

Дата публикации
21 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы