GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
21 октября 2026
Үлкендерге құрмет көрсету - халқымыздың дана әрі байырғы дәстүрлерінің бірі

Ағымдағы жылғы 21 қазанда «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-да облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Үлкендерге құрмет көрсету - халқымыздың дана әрі байырғы дәстүрлерінің бірі» атты  облыстық конференция өтті.

Іс-шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов қатысты.

Конференция барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалар мен жастар бойында үлкендерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді сақтау және волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері талқыланды. Ұрпақтар сабақтастығына, аға буынның өмірлік тәжірибесінің маңыздылығына және қарт адамдарға көмек пен қолдау көрсетудегі жастардың рөліне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдаудың, олардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің және қажетті көмек көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Ардагерлерге қамқорлық жасаудың, олардың мұқтаждықтарына назар аударудың және қарт адамдардың қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін жағдай жасаудың маңызы айтылды.

Іс-шара соңында Басқарма басшысы ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күні қарсаңында белсенді қоғамдық қызметі және ардагерлер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық Ардагерлер кеңесінің өкілдеріне, ардагерлер ұйымдарының төрағаларына грамоталар табыстады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер
21 октября 2026
Аспаздарды марапаттау

Ағымдағы жылғы 20 қазанда Халықаралық аспаздар күніне және қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің күніне орай Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі базасында «Аспаз» мамандығы бойынша өз маманының шеберлерін марапаттау рәсімі өтті. Петропавл, Айыртау және Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының аспаздары Солтүстік Қазақстан облысы рестораторлары мен отельерлері қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталды, олар аталған орталықтарда тұратын қызмет алушылардың тамақтануын ұйымдастыру және оларға тамақ дайындаумен айналысады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

14 октября 2026
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізу туралы

 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 15 қазанда сағат 11.00-де Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) отырысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Отырыс Петропавл қаласы, Абай көшесі 64 мекенжайы бойынша орналасқан Басқарманың акт залында өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша Басқарманың уәкілетті өкілі - Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның хатшысына 8(7152) 463743 телефоны,  zsp@sqo.gov.kz электрондық поштасы, басқарманың ukzsp.sko.gov.kz веб-сайты арқылы хабарласуға болады.

 

Жұмыспен қамту
09 октября 2026
Қазақстанда жұмыс берушілер үшін жұмыс орындарын субсидиялау және бөлу тәртібі жаңартылды

Маңызды өзгерістердің бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру процесін цифрландыру.

Жұмыс берушілерді іріктеу, азаматтарды құрылған жұмыс орындарына жіберу, сондай-ақ қажетті құжаттарды тексеру Электрондық еңбек биржасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Электрондық форматқа көшу қағаз құжат айналымын қысқартуға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, өтінімдерді қарау жеделдігін арттыруға және шешімдер қабылдау кезінде субъективті факторды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Кімдер қатыса алады?

Субсидияланатын жұмыс орындарын жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде Мансап орталықтары ұйымдастырады. Жұмыс берушінің санатына қарай субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға:

— жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалар;

— жеке кәсіпкерлер;

— шаруа (фермер) қожалықтары;

— әлеуметтік кәсіпкерлер;

— мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары;

— дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар;

— үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары және (немесе) өкілдіктері өтінім бере алады.

Бұл ретте, жұмыс берушілердің әрбір санаты үшін тиісті шарттар мен талаптар белгіленген.

Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыс берушілерге бірқатар талаптар қойылады.

Жұмыс берушілер өз қызметін 12 айдан астам уақыт бойы жүзеге асыруы, банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтауы, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде бұрын жасалған шарттарды тиісінше орындауы тиіс.

Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс, инфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағдарламалары шеңберінде бюджеттік қаржыландыру алатын жұмыс берушілерде субсидияланатын жұмыс орындары ұйымдастырылмайды.

Бұл талап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бірдей шығыстардың қосарланған қаржыландырылуына жол бермеуге және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты.

Үкіметтік емес ұйымдар үшін:

Республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін қатысушы; өңірлерде 1-ден 5-ке дейін қатысушы.

Бұл ретте, ҮЕҰ ҮЕҰ-ның ресми деректер базасында тіркелген болуы тиіс.

Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны көзделген. Қатысу үшін:

— жалақы бойынша берешектің болмауы;

— тұрақты түрде соңғы жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру;

— бағдарламаның өткен кезеңдеріндегі қатысушыларды тұрақты жұмысқа орналастыру қажет.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін жұмыс орны көзделген.

Ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындар үшін бөлек тәсіл қолданылады: субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауыл халқының санын ескере отырып айқындалады және тұрғындардың жалпы санының 2%-нан 5%-на дейінгі мөлшерді құрайды.

 

Жұмыспен қамту
08 октября 2026
Мемлекеттік грант алу аясында кәсіпкер Гаухар Әріпбайдың өз жобасын іске асыруы туралы

Мемлекет жеке бизнесті қолдау және дамыту уүшін қайтарымсыз гранттар береді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жалпы сомасы 174,1 млн теңгеге 104 грант берілді. Гранттар бір рет және нысаналы мақсатта беріледі. 2024 жылдың тамыз айында Булаев қаласына (Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы) көшіп келген Гаухар Әріпбай да бұл мүмкіндікті қалт жібермеді. Кәсіпкерлік бағыты ретінде Гаухар қоғамдық тамақтану саласын таңдады. Ол Булаев қаласында BRO KEBAB деп аталатын жайлы асхана және фастфуд форматындағы дәмхана ашуды ұйғарды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту процесінің барлық кезеңдерінен өткеннен кейін Гаухар Әріпбай көптен күткен сертификатына қол жеткізді. Оның болашағы зор бизнес-жобасын аудандық комиссия мақұлдады. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Гаухар Әріпбай 1 572 800 теңге көлемінде өтеусіз грант алды. Алынған қаражат толығымен нысаналы мақсатқа жұмсалып, нысанды толыққанды іске қосуға қажетті сапалы кәсіби жабдықтар мен ас үй инвентарларын сатып алды.

Бүгінде таңда BRO KEBAB дәмханасы табысты жұмыс істеп тұр, ал оның дәмді тағамдары мен  жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуі Булаево тұрғындары мен қонақтарының ықыласына бөленді.

Жұмыс істеген барлық кезеңде Гаухар Әріпбай өндіріс қарқынын арттырып қана қоймай, дәмхана қызметтерін кеңейтті: жастар мен аға буын арасында танымал болып үлгерген үйге жеткізу қызметі іске қосылды. Қазіргі уақытта тұрақты табысы бар 3 жұмыс орны құрылды.

Оның мысалы мемлекеттік көмектің өз ісін ашуға нақты мүмкіндік екенін айқын дәлелдейді. Ең бастысы – оқуға деген шынайы ықылас пен өз мақсатына сенімді түрде алға ұмтылу қажет.

07 октября 2026
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорларымен және мамандарымен өткізілетін семинар-практикум

Ағымдағы жылғы 7 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында «FSM Social цифрлық платформасын пайдалана отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларды сүйемелдеудің гибридті моделі» пилоттық жобасын іске асыру аясында және жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының мамандары үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдардың басшылары мен мамандарына арналған оқыту семинар-практикумын өткізді.

Семинарда FSM Social цифрлық платформасында жұмысты ұйымдастыру мен оның тәртібі, жобада көзделген нысандарды толтыру және бейінді мамандармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Қосымша семинар барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жекелеген мәселелер қаралып, түсініктемелер берілді. Қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар алынды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер
01 октября 2026
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар күніне арналған мерекелік іс-шаралар

1 қазанда Қарттар күніне орай «Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мен «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да концерттік бағдарламалары бар мерекелік іс-шаралар, қолөнер бұйымдарының тақырыптық көрмелері безендірілді, дөңгелек үстелдер және мерекеге орайластырылған басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мереке күні Тайынша қаласындағы № 4 орта мектептің оқушылары «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-дағы қызмет алушыларды құттықтап барды.

Ағымдағы жылғы қазан айы ішінде мекемелерде Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасатын болады.

Жұмыспен қамту
28 сентября 2026
Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында облыстық бос орындар жәрмеңкесін өткізу

Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында үстіміздегі жылғы 24 қыркүйекте Петропавл қаласындағы Жастар сарайында облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара жастарды, түлектерді және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ олардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жәрмеңкелер кәсіпорын өкілдеріне жұмыс күшіне деген кадрлық қажеттіліктерін мәлімдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей тілдесе алады, алғашқы байланыс орнатып, өз түйіндемелерін ұсына алады. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары туралы ақпарат алып, тіпті алдын ала сұхбаттан өтуге мүмкіндік алады.

Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға бос жұмыс орындарының кең ауқымы ұсынылды, соның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша облыстың 30 кәсіпорны мен ұйымы 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың кәсіпорындары бар.

Жәрмеңкеге 750-ден астам жұмыс іздеуші азамат қатысты.

 

Жұмыспен қамту
25 сентября 2026
Кәсіптік оқытуға қатысушының оң үлгісі

 

Облыста халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс шараларын іске асыру шенберінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

Оқыту оқу ұйымдарында да жұмыс берушінің жұмыс орнында да мүмкін.

Ағымдағы жылдың сәуір айында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін Мансап орталығына жүгінген Халимовская Ольга Николаевнаның тарихы жарқын растау болды,онда оған шаштараз мамандығы бойынша «Пославская» ЖК де жұмыс орнында кәсіптік оқудан өту ұсынылған болатын.

Оқудан өту кезеңінде Ольга Николаевна алған мамандығы бойынша қажетті дағдыларды меңгеріп, шаштараз ретінде тұрақты жұмыс орнына орналасты.

Бизнес жүргізу негіздерін, қаржылық жоспарлауды, маркетингті және клиенттік қызметті ұйымдастыруды зерделей келе, Ольга өз ісін ашты. Заманауи жабдықтар сатып алып, қазіргі уақытта шаштараз қызметтерін көрсетуде.

Ольганың оқиғасы жұмыс іздеуші адмнан кәсіпкерге дейінгі өсудің оң үлгісі болып табылады.

Жұмыспен қамту
23 сентября 2026
СҚО-да «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте облыс әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстарының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурстарға өңірдің 36 ұйымы мен кәсіпорнының өкілдері қатысты.

«Еңбек жолы» конкурсы еңбегі басқаларға үлгі болып табылатын  адамдарға арналған.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясының лауреаты – Чесноковтар отбасы («Азия-Таранғұл» ЖШС, Есіл ауданы);

«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» – Мақанов Санат Сембайұлы («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, Петропавл қаласы);

«Өндірістің үздік жас жұмысшысы» – Қалидаров Айдарбек Қырымұлы («Солтүстік Қазақстан Таратқыш Электржелілік Компаниясы» АҚ № 1 шеберлік учаскесі, Шал ақын ауданы).

«Парыз» конкурсы қызметкерлердің еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастырудағы, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық жасаудағы үздіктерді анықтайды.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында:

орта кәсіпкерлік субъектілері арасында – «Ақселеу» ЖШС (Ғабит Мүсірепов атындағы аудан);

шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында – «Шал ақын АГРО-2020» ЖШС (Шал ақын ауданы);

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – «САҒАТ-СК» ЖШС (Тимирязев ауданы);

«Үздік ұжымдық шарт» – «Александровское» ЖШС (Мағжан Жұмабаев ауданы);

«Экологияға қосқан үлесі үшін» – «Утилизация и переработка» ЖШС (Петропавл қаласы);

«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» – «Бай-Еңбек» ЖШС (Есіл ауданы) жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы