
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қатысуымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс орындарын құру мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте осы бағыттағы жұмыстың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ 2025 жылға арналған міндеттер қойылды.
2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4512 жаңа жұмыс орнын құра отырып 3311 жеке кәсіпкерлік субъектісі құрылды.
2025 жылы жеке кәсіпкерлікті дамыту есебінен, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдау кезінде 4 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Жұмыс орындарын құру жұмыспен қамту деңгейінің жақсаруына және жұмыссыздықтың төмендеуіне әкеледі, бұл халықтың әлеуметтік құрылымы мен әл-ауқатының артуына оң әсерін тигізеді.