2025 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру

2025 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру

2025 жылғы 7 ақпанда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бейнеконференцбайланыс (ZOOM) арқылы Петропавл қаласы мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Мансап орталықтарының және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығының мамандарымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте мүгедектігі бар адамдарға, Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметтерінің есебіндегі адамдарға; алимент және азаматтардың басқа да әлеуметтік қорғалатын санаттары бойынша берешегі бар борышкерлерге жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Кеңес қорытындысы бойынша жұмысқа орналастыру үшін 2025 жылға белгіленген  жұмыс орындарының квоталарын іске асыру бойынша, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру және осы бағыт бойынша нақты есептілік жүргізу бойынша міндеттер қойылды.