Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі

Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер тізілімі енгізілді. Тізілім - бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген әлеуметтік қызметкерлер туралы толық ақпаратты (білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігін арттыру) қамтитын мамандардың электрондық тізімі. Жыл басынан бері облыстың барлық әлеуметтік қызметкерлері «Career.еnbek.kz» платформасы арқылы  Тізілімге енгізілді.

Тізілім мамандар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қызметкерлер Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен мұқтаждығын ескере отырып, 8 бағыт бойынша (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық) қызметтер көрсетеді.