
Мүгедектігі бар адамдарды еңбек қызметіне тарту мақсатында 2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мүгедектігі бар адамдарға психологиялық және құқықтық көмек, әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялар және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсететін «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.
Әлеуметтендіру мақсатында 2024 жылғы 26 қарашада «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігінің Мүгедектігі бар адамдарды бейімдеу орталығы базасында «Ten Qogam» орталығының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа жылдық ойыншықтар жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Бұл іс-шара әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды дамытуға, шығармашылық әлеуетті арттыруға, ұсақ моторика мен қиялды дамытуға мүмкіндік береді.
Ойыншықтар жасап болғаннан кейін іс-шараға қатысушылар жаңа жылдық шыршаны безендірді.