
Ағымдағы жылғы 1-15 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) өтінімдер қабылдауды ұйымдастырады.
Өтінімдерді қабылдау Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар жұмыс күндері СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 мекенжай бойынша 522-кабинетте қабылданады, электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында арнайы комиссияның қарауына ұсынады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны Тізілімге енгізу туралы өтініш;
2) Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты Қағидалардың 6-9 – тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (құжаттарды сенімхат негізінде әрекет ететін өтініш берушінің өкілі берген жағдайда).
Анықтама тел.: 8 (7152) 36-13-62.